jasqazaq.kz

Халыққа қызмет көрсету орталығында босанып қалды

10 шiлде 2020, 17:02

Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығында жүкті әйел босанып қалды.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК басқарушы директоры Мұрат Жұманбай Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Жетісу ауданындағы ХҚО орталығына жүкті әйел өзінің танысымен тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге отыруға келген.

«Жүкті келіншек алдын ала түскі сағат 12:00-ге брондап қойған кезегін күтіп отырған. 10 минуттан соң оның толғағы басталып кетті. Оны көрген ХҚО басшысының міндетін уақытша атқарушы Қалмырза Сейтбеков оны бірден кабинетіне апарып, жедел жәрдем шақыртты. Жедел жәрдем көлігі келгенімен жүкті келіншекті перзентханаға жеткізуге уақыт болмады. Сөйтіп, келіншек халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының кабинетінде босанып қалды. Дүниеге қыз бала келді. Бұл отбасындағы үшінші бала екен. Құттықтаймыз!»,– деп жазды ол.

Айтпақшы, жаңа босанған келіншек өзіне қажетті қызметті алып үлгерді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде