jasqazaq.kz

«СҚ-Фармация» және бірқатар органдар жемқорлыққа қарсы тексеріледі

09 шiлде 2020, 15:14

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдың 2-ші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кестесін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында ресми сайтқа 2020 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кестесін орналастырды (https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/48621?lang=kk).

Онда ең алдымен барлық өңірлерде орталық аппарат пен департаменттер бір мезгілде жүргізетін «өтпелі» талдаулар көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен жұртшылықтың қатысуымен «СҚ-Фармация» ЖШС, ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің, Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдарының, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті және Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметтеріне талдау жүргізеді.

Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жүргізетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің «бастамашылық» сыртқы талдауларының кестесі де әзірленді. Нысандар өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері мен азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер негізінде айқындалған.

Агенттік тиісті салалардағы белсенді азаматтар мен сарапшыларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге тікелей тартылған жұмыс топтарының құрамына шақырады.

Кез келген адам кестеде көрсетілген сыртқы талдау нысандарының құзыретіне кіретін әкімшілік кедергілер туралы мәліметтерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен мән-жайларды жою туралы сындарлы ұсыныстар бере алады.

Егер Сізге сыбайлас жемқорлық туралы белгілі болса, сіз 1424 call-орталығына 24/7 режимінде хабарласа аласыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде