
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысының Балқаш қаласында жарықтың өшуінен жансақтау бөліміндегі науқастың көз жұмғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Осыдан екі апта бұрын Балқашта орталық ауруханадағы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы бір сағатқа сөндірілген. Дәл осы уақытта автоматты түрде кедергісіз қуат генераторы іске қосылды. Ауруханадағы науқастардың бәрі де тиісті деңгейде емін жалғастырды. Дәл сол күні ешкім қайтыс болған жоқ», — деді Ажар Ғиният ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сауалына орай.