
Балаларға қинап піспеген қарбыз жегізген адам ұсталды. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарап кеткен еді.
Түркістан облыстық полициясы ол адамды тапты. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Елді дүрліктірген видео 2019 жылы түсірілген. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Полиция видеодағы балаларды анықтады. Балалардың ата-аналары күдіктіні жауапқа тартуға шағым түсірмек.
Polisia.kz