jasqazaq.kz

Атырауда коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары шу шығарды (видео)

17 маусым 2020, 13:11

Атырауда бүгін коронавирустан тағы үш адам көз жұмды. Үшеуі де Жылыой ауданының тұрғындары. Марқұмдардың туыстары жерлеу рәсімдерінің дұрыс ұйымдастырылмағанын айтып шағымданды.

Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Оның үстіне мәйіттерді зираттардың қасына көму туралы шешімдері де күдік ұялатқан.

МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Жалпы территорияға жерлеп жатыр. Олай ететін болса күмән туып тұр. Онда мына кісі ковидтен қайтыс болған жоқ. Ол онда просто для статистики для галочки. Жазып алды. Ковидтен өлді деп бізге айтты и бізге жіберіп тұр. Келдік. Не имам жоқ. Не санитарный дәрігер жоқ. Жерлейтін адам да жоқ.

Облыстық ішкі саясат басқармасы болса, індет құрбандарына арнайы жер, жалпы қорымдардың шет жақтарынан бөлінгенін айтты. Бұл — бас санитардың қаулысымен жасалды деп түсіндірді. Ауданарда да зираттардың шет жағынан орындар әзірленіпті. Түсіндірме жұмыстарынан соң марқұмдардың бірінің туыстары қала маңында жерлеуге келісім берсе, екіншісі туған жері — Жылыой ауданына мәйітті алып кеткен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде