jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева мен Абай Бегей тойларда ән салуды бастап кетті (видео)

15 маусым 2020, 16:04

Карантин режимі отандық эстрада жұлдыздарының жұмысына айтарлықтай кері әсерін тигізді. Той-томалақтарға тыйым салынғалы өнер иелері табысынан қағылып, шығармашылықтарын да тоқтата тұруға мәжбүр болған.

Алайда, шектеу шараларының бәсеңдеуіне байланысты олар тойларда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Карантин талаптарының жеңілдетілуіне орай, енді елу адамға дейін болатын мерекелік шараларды өткізуге рұқсат етілді. Бұл жаңалықты ести сала, әншілерден алғашқылардың бірі болып той-томалақтарда бой көрсеткен — Алтынай Жорабаева мен Абай Бегей. Эстрада жұлдыздары карантин бәсеңдегелі шақырту алған алғашқы тойларынан видеомен бөлісіп, Instagram арқылы өз қуанышын жеткізген. Жорабаева өзімен аттас арудың сырға салуында ән шырқаса, Абай Бегей палатка астында өткен тойда өлең айтқан. Халықтың қайтадан той жасап жатқанына қатысты желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Бірі коронавирус әлі сейілмей жатқанын ескертсе, енді бірі көпшіліктің карантиннен шаршағанын айтты. Еске сала кетейік, күні кеше желіде Түркістан облысында өткен аста-көк тойдың видеосы тарап кеткен болатын. Дүбірлі тойда шамамен екі жүзге жуық адам болған. Олардың арасында белгілі әзілкеш Нұржан Төлендиев те бар. Ол тойда ән салған.

nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде