
Алматы әкімдігі мессенжерде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Айта кетейік, соңғы күндері түрлі мессенжерде «Алматыға кіріп-шығуға тыйым салынады» деген сыңайда хабар тараған еді.
«Алматыда карантиннің күшеюіне байланысты қайтадан блокпост қойылып, көлік қозғалысына шектеу қойылады деген ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Мұндай сенімсіз ақпараттарға сенбеңіздер. Барлық шынайы ақпарат қала әкімдігінің сайты секілді ресми ақпарат көзінде жарияланады» деп мәлім етті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
ҚазАқпарат