jasqazaq.kz

Ол Флойдты өлтіріп жатқан сәтті видеоға түсірді

12 маусым 2020, 18:53


АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полиция қызметкерлерінің қаранәсілді Жорж Флойдты тұншықтырып өлтірген сәтті бейнелейтін видеоның авторы өзін батырмын деп есептемейді. Бойжеткен адвокаты арқылы оқиғаға қатысты пікірін білдірді.

17 жастағы Дарнелла Фразиер сол күні 9 жасар бауырымен бірге азық-түлік дүкеніне бару жолдан өтіп бара жатқан екен. hurriyet.com.tr сайты жазғандай, қыздың адвокаты Сеф Кобин Star –Tribune газетіне берген сұхбатында былай деді: «Дарнелла ештеңеден қорықпай, видеоны жарияламағанда ешкім осынау қорқынышты оқиға туралы білмес еді.Әлгі полицейлер арамызда жүре беретін еді».

Ал жер-жердегі жүз мыңдаған адамның нәсілшілдікке қарсы шеруге шығуына себеп болған видеоны түсірген Дарнелланың өзі «Мен батыр емеспін, лицейде қатардағы оқушымын. Ерлік жасайын деген ой болған жоқ. Бар болғаны, адам ретінде міндетімді орындадым» дейді.

Нәсілшілдік кемсіту секілді құбыжық құбылыстан Американың әлі де арылмағанын жержүзіне жайып салған қайғылы оқиғаның жаңғырығы басылар емес.

Jas Qazaq-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде