jasqazaq.kz

1,5 мың шөлмек ішімдікті заңсыз сатпақ болған ауыл тұрғыны сотталды

10 маусым 2020, 15:27

Қостанай облысы Меңдіқара ауданының тұрғыны «Элитная» маркалы ішімдіктің бір жарым мыңға жуық бөтелкесін заңсыз сатпақ болған.

Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жалған есеп-бақылау маркалары бар алкоголь өнімін заңсыз сату әрекетінің жолын кесті.

«Департамент қызметкерлері Қостанай облысы Меңдіқара ауданының жеке кәсіпкеріне тиесілі көтерме сауда дүкенінде «Элитная» маркалы ішімдіктің 12 бөтелкесін заңсыз сату фактісін анықтады. Тергеу барысында «кәсіпкердің» заңсыз пайда табу мақсатымен белгісіз біреуден жалған маркасы бар көлемі 0,5 литр 1 444 бөтелке алкоголь өнімін заңсыз сатып алып, әрі қарай сату үшін сақтағаны анықталды» делінген хабарламада.

Меңдіқара ауданының соты оны ҚР ҚК 233-бабы 2-бөлімі бойынша айыпты деп таныды. Аудан тұрғыны бір жылға алкоголь өнімін сақтау және өткізу қызметімен айналысу құқығынан айырылып, 500 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде