jasqazaq.kz

Шымкентте 3 кішкентай баладан коронавирус табылды

10 маусым 2020, 10:47

9 маусымда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 адам тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 6 әйел адам, 5 ер адам және 3 кішкентай баладан анықталды. Олардың 5-уі вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 6-уы ЖРВИ диагнозымен стационарға жатқызылған, 2-і алғашқы медициналық жедел көмекке ЖРВИ белгілерімен жүгінген, 1-і стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілген», делінген хабарламада.

Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды. Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 992 адам анықталған, олардың ішінде 443-і жазылып шыққан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде