
Петропавлда балабақшалардың бірі карантинге жабылды.
Коронавирусқа шалдыққан адаммен байланыста болған бүлдіршіннің COVID-19-ға тапсырған анализі оң нәтиже көрсеткен.
«Алайда балада ауру белгілері нақты білінбеген, жағдайы бірқалыпты», деп хабарлады қаланың бас санитар дәрігері.
Қазір балабақша уақытша жабылып, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қаладағы барлық мектепке дейінгі мекемелерде сақтық шаралары күшейтілді.