jasqazaq.kz

Жас ананың жұмбақ өлімі туралы мәлімет (видео)

05 маусым 2020, 14:13

Санитарлық дәрігерлер тек акушерлік орталықты ғана емес, сонымен бірге қайтыс болған жас ананың қаралған барлық басқа медициналық ұйымдарды да тексеруге ниетті.
16 мамырда Алматыда перзентханада жаңа босанған әйел қайтыс болды. Содан бері үнсіз дәрігерлер ақыры бұл жағдайға түсініктеме берді.

AstanaTV хабарлауынша, Алматыда босанған әйел мен жаңа туған нәресте қатар көз жұмғаннан кейін, марқұм қаралған барлық медициналық мекемелерді тексеру туралы шешім қабылданған. Дәрігерлер жас ананың өлімінің себебін алда жүргізілетін сараптама мен тексерулер нәтижесіне сілтеме жасап, соңына дейін жасырып келді.

26 жастағы жас келін 10 мамырда Алматыдағы Акушерлік, перинатология және гинекология ғылыми орталығына келіп түскен. 2 күннен кейін оның толғағы басталады. Салмағы 5 келіге жуық ұл бала дүниеге келді. Науқаста жатыр сұйықтығы эмболиясы туындаған. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай патологияны алдын ала болжау мүмкін емес. Сонымен қатар, мұндайда науқасты құтқару үшін еш мүмкін емес көрінеді.

Тоқтамай қан кету болған соң оған ота жасалды. Өкінішке орай, 16 мамырда науқастың биологиялық өлімі тіркелді. Мұндай диагнозды алдын ала болжау мүмкін емес. Мұндай жағдайда 90% өлімге әкеледі, мұндай асқынуды болжау өте қиын, — деді Акушерлік, перинатология және гинекология орталығының өкілі Алуа Мырзаханова.
Бала да қайтыс болды. Бірақ орталық дәрігерлері оның неден қайтыс болғаны туралы ешқандай ақпарат бермеді. Олардың айтуынша, жақын арада учаскелік дәрігерлердің жұмысын қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің комиссиясы тексеруі керек. Олар қайғылы жағдайдың егжей-тегжейін анықтайды. Ал санитарлық дәрігерлер тек акушерлік орталықты ғана емес, сонымен бірге қайтыс болған жас ананың қаралған барлық басқа медициналық ұйымдарды да тексеруге ниетті.

Науқасқа кез-келген медициналық көмек көрсетілген медициналық мекемелердің барлық бағыты тексеріледі. Бүгінгі күні комиссия құрылды, біз патоанатомиялық сараптаманың қорытындысын алдық, сараптама толық көлемде қайтадан өтеді, — деді Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Эльмира Әуезова.
Әр аурухананы қайта қарау шамамен 10 күнді алады. Комиссия құрамына тек бөлім мамандары ғана емес, тәуелсіз сарапшылар да енді.

zakon.kz.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде