jasqazaq.kz

20 жылдық тойлаған түлектердің арасында полиция қызметкері бар (видео)

30 мамыр 2020, 18:20

Әлеуметтік желіде карантиндік шектеулерге қарамастан мектеп бітіргендердің 20 жылдығын тойлаған отырыстың видеосы тарады. Желі қолданушылары отырыстың көркін қыздырушылардың арасында Түркістан облысындағы құзырлы орган өкілдері мен Шымкент қаласының Полиция департаменті қызметкерлері бар екенін жарыса жазған.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова ҚазАқпарат тілшісіне отырыстың биыл 24 мамыр күні болғанын растады. Оның айтуынша, осы таратылған видеоға байланысты Жетісай аудандық ПБ арнайы тексеру шараларын жүргізген. Нәтижесінде отырыстың Жетісай қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткені анықталған.

«Әлеуметтік желіде жарияланған видео бойынша 25 мамырда Жетісай АПБ ЖПҚ-нің қызметкерлері ҚР Әкімшілік кодексінің 425- бабына сәйкес жинақталған материалдарды аудандық бас санитарлық дәрігеріне шара қолдану үшін жолдады»,- дейді Салтанат Қаракөзова.

Ал, Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі де бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Жетісай қаласындағы «Жетіген» мейрамханасында 20 жылдық басқосу шарасы өткен. Оған 15 адам қатысқан. Оның ішінде ішкі істер органында жұмыс істейтін бір қызметкер бар. Ол Еңбекші аудандық полиция басқармасыннда жұмыс істейді. Қазір қызметтік тексеру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. 2020 жылдың 1 маусым күні тәртіптік комиссия отырысында осы қызметкердің тәртіптік мәселесі қаралып, шешім қабылданады», — деді департамент.

https://youtu.be/jFFxpdvgKHc

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде