jasqazaq.kz

Орман арасынан 56 дана су жаңа Toyota Camry табылды

21 мамыр 2020, 10:16

Ресейдің Челябинск қаласының сыртындағы орман арасындағы ашық алаңда елуден астам қара түсті бірдей Toyota Camry автокөлігі біраз уақыттан бері тұрғаны анықталды.

Анықталғандай, бұл автокөліктің бәрі облыс билігіне тиесілі екен. Басшылық бұл көліктерді 2020 жылға жоспарланған саммиттер (ШЫҰ, БРИКС және басқа да протоколды шаралар) үшін арнайы сатып алып қойған екен.

Алайда қазір коронавирустың кесірінен барлық шаралар белгісіз мерзімге кейінге шегіріліп отыр.

Ресей баспасөзінің жазуынша, 56 автокөлікті сатып алуға шамамен 120 миллион рубль жұмсалған.

Жергілікті биліктің сатып алатын көліктерге қойған техникалық талаптарына келсек, кузов пен салоны қара түсті, қорабы автомат болуы тиіс. Жаңбырдың датчигі, артқы камера, орындықты жылыту және күнқағар перделер болуы міндетті.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде