jasqazaq.kz

Израильде тамақ жеуге болатын маска шықты

20 мамыр 2020, 17:01

Тель-Авив өнертапқыштары коронавирустан қорғайтын және тамақ жегенде шешпеуге болатын маска шығарды. Олар пандемия кезінде де тамақтану орындарына еш қауіпсіз бара беруге болатынына сенімді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Avtipus Patents and Invention компаниясының вице-президенті Асаф Гителис «революциялық масканың» таныстырылымында өнім мейрамхана, бар және дәмханалардың жұмысына қатысты мемлекеттің шектеулеріне әсер ете алады деп үміттенетінін жеткізді.

«Масканы қолыңызды тигізбей механикалық жолмен немесе автомат түрде ашуға болады: шанышқыны бетіңізге жақындатыңыз және ол бірден ашылады. Енді қоғамдық орындарда сүйікті тағамыңызды жеуге ештеңе кедергі келтірмейді», — деді Гителис.

Оның айтуынша, маскаға патент алуға өтініш берілген. Бірнеше айдан кейін көптеп шығару жоспарланған. Компания вице-президенті масканың бағасы 85 центтен 2,85 долларға дейін (350-1200 теңге аралығында) болатынын атап өтті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде