jasqazaq.kz

Теңіз кенішінің 142 қызметкері коронавирус жұқтырды

19 мамыр 2020, 14:24

Бүгін Атырау облысындағы Теңіз кенішінің 142 қызметкері коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтан мәлім етті.

«Қауіпті індет жұқтырған науқастардың бәрі –Теңіз кенішіндегі мердігерлік мекеменің қызметкерлері. Олар вахталық ауысым алдында тұрғылықты мекенжайына бару үшін міндетті скринигтен өткен. Барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазір алгоритмге сәйкес ем қабылдап жатыр», — деп хабарлады жедел штабтан.

Бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 769 адамға жетті. Оның ішінде 174 пациент жазылып шыққан. Бұған дейін Теңіз кенішінің 3 жұмысшысы жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде