
Қостанай облысы Жітіқара қаласында «Қара бүркіт» түрмесінде 19 қызметкерден коронавирус анықталды.
11 ер адам мен 8 әйел адамнан СOVID-19 анықталғаны белгілі болды. Олардың барлығы УК-161/3 мекемесінің 21-54 жас аралығындағы қызметкерлері. Олардың осыған дейін науқастармен байланыста болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта науқастар Жітіқара қалалық ауруханасына жеткізілді, ем алып жатыр.
Айта кетейік, «Қара бүркіт» түрмесі Жітірақадан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Онда Владислав Челах, алматылық атқыш Руслан Күлекбаев жазасын өтеп жатыр.
Tengrinews.kz