jasqazaq.kz

Қасиетті Қадір түні 19 мамыр күніне сәйкес келеді

18 мамыр 2020, 14:49

Бұл күні барша мұсылмандар бір-бірін құттықтап, жақсы тілегін айтып, бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Дастархан жайып, Құран оқытады.
Биыл Рамазан айы 24 сәуір жұма күні басталады. Бұл жылғы ораза 30 күнге ұласады. Ай ортасында мұсылман қауымы қасиетті Қадір түнін күтіп, ораза соңында айт мерекесін тойлайды.

Биыл қасиетті Қадір түні 19 мамыр, бейсенбі күніне сәйкес келеді. Бұған дейін Қадір түні 21 мамыр күні деп жарияланған болатын. Алайда діни басқармасының соңғы ұйғарымы бойынша, 19 мамыр күні деп бекітілді.

«Ләйләтүл Қадір түні» — пайғамбарымыз Мұхамед Мұстафаға (с.ғ.с) алғашқы Құран сүрелері жіберілген уақыт. Әдетте ғалымдар Қадір түні Рамазан айының соңғы он күніне сәйкес келеді деп болжайды. Ал, Қадір түні ауа жылы, жауын-шашынсыз, тыныштық күйде өтетіні айтылған. Қадір түнінде мұсылман қауымы жамағат болып намаз оқиды, дұға етеді, Құран оқиды. Аллаға құлшылық жасайды. Қадір түніне қатысты Құранда көп айтылған. Бұл күні адамның бір жылғы тағдыры жазылып, кешірім тілесе, кешірім берілетіні, не тілесі дұғасы қабыл болатыны жазылған.
Осы себепті ниет еткен жандардың уақытын құлшылықпен өткізгені абзал. Ораза аяқталысымен мұсылмандардың мерекесі — Ораза айт басталады. Ораза айттың бірінші күні 24 мамырға сәйкес келеді. 23 мамыр — Арафа күні. Ораза айт 24, 25, 26 мамыр күндері тойланады. Бұл күні барша мұсылмандар бір-бірін құттықтап, жақсы тілегін айтып, бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Дастархан жайып, Құран оқытады.

zakon.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде