jasqazaq.kz

Алмазбек Атамбаев абақтыда 15-шілдеге дейін отыратын болды

15 мамыр 2020, 21:39

Алмазбек Атамбаев абақтыда 15-шілдеге дейін отыратын болды Алмазбек Атамбаевтың қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды. Соттың шешімімен Қырғызстанның экс-президенті тергеу абақтысында 15-шілдеге дейін отыратын болды.

Бірақ Атамбаевтың адвокаты Бішкектегі Первомай аудандық соты «заңға қайшы шешім шығарды» деген пікірде. Осыған дейін адвокат Сергей Слесарев экс-президенттің қан қысымы күрт төмендеп, денсаулығы нашарлағанын мәлімдеген. Экс-президент пен оның жақтастары жемқорлық және басқа да қылмысқа қатысы бар деген күдікпен өткен жылы жазда тұтқындалған. Бірақ Қырғызстанның күш құрылымдарының Алмазбек Атамбаевты тергеуге күштеп жеткізудің соңы қарулы қақтығысқа ұласқаны әлі күнге дейін ел есінде. Кейін экс-президент құқық қорғау органдарына өз еркімен беріліп, Қой-Таштағы үйінен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторына қамалған. Сол дүрбелеңнен арнайы жасақтың бір сарбазы мерт болып, 50-ге жуық адам жарақат алған.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде