
Бүгін елордалықтардың карантин жағдайында өмір сүріп жатқанына 58-күн, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соңғы уақытта біраз шектеулер алынып, бас қала біртіндеп қалыпты өмірге оралып келеді. Мәселен, бүгіннен бастап кассаларда теміржол билеттері сатыла бастайды. Ал пойыздардың өзі 1 маусымда жолға шығады деп жоспарланып отыр. Теміржол мен вокзалдардағы сақтық шаралары қандай?
— Пойыз вагондарының желдеткіш жүйесі толық тексеріледі. Қажет болса, желдеткіш фильтрлары ауыстырылуы тиіс. Жолаушыларға бір вагоннан екінші вагонға жүруге шектеу қойылады. Сондай-ақ санитарлық талапқа сай пойыздарда антисептик, дәрі-дәрмек және басқа да зарарсыздандырғыш заттар болуы шарт. Темір жол рейстерінің жандануы кезең-кезеңімен іске асады.