jasqazaq.kz

Шымкент, Ақтау және Оралға әуе рейстері жанданды

14 мамыр 2020, 10:10

Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Шымкент, Ақтау және Оралдан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына және кері ұшатын әуе рейстерінің қайта жандануына қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін айтылғандай, коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай өңірлерде Қазақстанның басқа қалаларына ішкі әуе рейстері кезең-кезеңімен іске қосылады.

Шымкент, Ақтау және Орал қалаларынан жаңартылған әуе рейстері үшін әлеуметтік қашықтық, сауалнама, маскалық режим, терминал ғимаратына шығарып салмау, байланыссыз термометрия секілді негізгі санитарлық-карантиндік талаптар белгіленді.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер биылғы жылдың 14 мамырында тиісті қаулы қабылдады.

Бұрын айтылғандай, дене қызуы жоғары немесе ауру белгілері (жөтел, ентігу, тыныс алуы қиындаған) бар адамдар анықталған жағдайда олар әуежай ғимаратына, яғни әуе кемесінің бортына жіберілмейді. Аталған жолаушылар карантинге оқшауланады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде