jasqazaq.kz

Елімізде қанша шетел азаматы коронавирустан емделіп жатыр?

12 мамыр 2020, 18:00

Коронавирус тіркелгелі бері еліміздегі стационарларға 21 шетелдік азамат түсті. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфирде айтты.

«Коронавирус жағдайы тіркелгелі еліміздегі стационарларға 21 шетелдік азамат түсті. Оның 14-і емделіп шықты. Жетеуі қазір емделіп жатыр, оның екеуі — Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі — Атырауда, біреуі — Қостанай облысында және енді біреуі — Солтүстік Қазақстан облысында. Олардың жағдайы бірқалыпты», — дейді ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, отбасылық мерекелерді өткізуге тыйым салынған.

«Аймақтардың бірінде тыйым салынғанына қарамастан ауызашар жасаған жағдай кездесті. Қонаққа барғандардың ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам болған. Сондықтан қонаққа баруды, қонақ шақыруды, ауызашарға баруды тоқтату керек», — дейді ол.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде