jasqazaq.kz

Жедел жәрдем көлігін үй шатыры басып қалды

09 мамыр 2020, 11:01

Шымкентте қатты жел тұрып, соңы жаңбырға ұласқан. Ауа-райының күр бұзылуы салдарынан үйлердің шатыры ұшып, электр желілері үзілген жерлерде жарық сөніп қалған.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты желден зардап шеккенде төтенше жағдай қызметінен көмек сұрап хабарласқан.

Қаладағы Әл-Фараби алаңы жанында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде профнастилден жасалған шатыр ұшып, жедел жәрдем автокөлігін басып қалған. Ұшқан шатырдың көлемі 120 шаршы метрді құраған.

Сондай-ақ, Циалковский мен Дулати көшелерінің бойында орналасқан үйлердің де шатырлары ұшқан. Ал, Водопьянов көшесінде орналасқан бір үйдің үстіне үлкен тал құлап, электр сымдары үзілген.

«Барлық оқиғалар бойынша Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері қызметкерлері шығып, авариялық-қалпына келтіру жұмысын жүргізді. Оған 20 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиға орнына энергетика қызметінің мамандары да тартылды» делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде