jasqazaq.kz

Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылды

06 мамыр 2020, 10:12

Семей қаласының полицейлері карантин кезіндегі шектеудің сақталуын қадағалау үшін рейд жүргізді.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, рейд барысында карантин режимін бұзған 77 адамға қатысты хаттама толтырылды. Оның ішінде 54 адам жаяу жүргінші болса, 23-і жүргізуші. Заңбұзушылыққа жол бергендердің көбісі жұп және тақ күндері далаға шығу ережесін сақтамаған.

«Төтенше жағдайды қасақана бұзғандарға заңға сәйкес шара қолданылады. Осы ретте тұрғындарды өзіңіздің және туған-туыстарыңыздың денсаулығын сақтау үшін карантин кезіндегі тәртіпті бұзбауға шақырамыз. Қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, полицияның талаптарын орындауларын сұраймыз. Бұның барлығы жұқпалы індеттің жайылуын бәсеңдету мақсатында жүргізілуде», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде