jasqazaq.kz

Бердібек Сапарбаев қазақ тіліне қырын қараған қытай компаниясын сынады

30 сәуiр 2020, 21:20

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, Меркі-Бұрылбайтал автожолын жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. 

Ауданда облыс әкімі құрылыс алаңдарын аралап, автожолдың құрылысымен айналысып жатқан компаниялардың басшыларымен кездесті.

Оңтүстік аймақ әкімдігінің ақпараты бойынша, Мерке-Бурылбайтал автожолын қайта жаңартуды қытайлық China Xinxin Corporation және қазақстандық «АБК – Автодор НС» компаниялары жүргізуде.

Қытай мердігерлерімен болған әңгіме барысында Бердібек Сапарбаев Қытайдың мемлекеттік тіліндегі маңдайшалары Қазақстанның тілі туралы заңына қайшы келетініне наразы болды.

«Қазақстан заңдары бұлжытпай сақталуы тиіс. Бізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Барлық маңдайшалар жазуы, оның ішінде кіре берісте орналасқан компанияның атауы да қазақ тілінде болуы тиіс. Вахталық кентке барар жолда бұған назар аудардым. Мен мұнда қайта келемін, тексеремін», – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, кездесу аясында облыс әкімі Қытай кәсіпорындарындағы еңбекақының төмендігін атап өтті, оны жыл сайын кем дегенде 10% -ға арттыру керек. Сонымен қатар, ол қытайлық мердігерлерге барлық жұмысшыларға тең еңбек жағдайларын жасау қажеттігін еске салды.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде