jasqazaq.kz

Алматыда полицейлер сауық-сайранның үстінен түсті (видео)

09 сәуiр 2020, 22:59

Карантин тосқауыл болмапты! Алматыда шектеу шараларына қарамастан күні-түні жұмысын жалғастырған рестобар анықталды. Қаланың қақ ортасындағы көңіл көтеру орны негізгі кіреберісін жауып, қызметін тоқтатқандай кейіп танытқанымен, тұрақты клиенттерін өзге есік арқылы кіргізіп отырған. Полицейлер сауық-сайранның үстінен түскенде, оның ішінде бас-аяғы 22 адам болыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Олар қызметшілері болса, 12 адам үйінде отыра алмай қыдырып келген қонақ екен. Ең сорақысы, жұмысы қызған барда 13 жасар екі жасөспірім де жүріпті. Біреуі осында даяшы болып нәпақа тапқан. Ал екіншісі қыдырымпаз үлкендермен еріп келген. Өзбекстанның үш азаматы жұмыс істеген. Көші-қон заңнамасын бұзған олар карантин біткен соң еліне қайтарылмақ. Карантинге бағынбаған азаматтардың бәрі жауапқа тартылады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

— Бүгінгі таңда бұл 22 азаматтың барлығына әкімшілік кодекстің 476-шы бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жіберілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде