
Коронавирус инфекциясының таралу қарқынына байланысты Алматыда қатаң карантин режимі 13 сәуірден кейін де сақтала ма? Бұл сұраққа қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова жауап берді.
Онлайн брифинг барысында ол соңғы уақытта қалада коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары сирегенін айтты.
«Меніңше, карантинді әлі тоқтатқан жоқ. Шектеу шарттары әлі де сақтау керек. Ауру жұқтыру көрсеткішінің азаюы ең алдымен адамдардың оқшаулануына байланысты болып отыр», — деді А.Молдақасымова.
Алматының бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарына үйінен шықпауға кеңес берді
«Қаланың қауіпсіздігі шектеу шараларын мүлтіксіз орындауға тікелей байланысты», — деді ол.