jasqazaq.kz

Жалған ақпарат таратқан ауыл тұрғыны қамалды

07 сәуiр 2020, 14:46

#үйдеотыр

Ақтөбеде төтенше жағдай режимі жарияланған күннен бері ереже бұзған 178 дерек тіркелді. Темір ауданының тұрғыны блокпост туралы жалған ақпарат таратып, қамалды. Полиция қызметкерлері волонтерлермен бірге төтенше жағдай режимін бұзған адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Көбіне дүкен иелері белгіленген жұмыс кестесін сақтамайды, сатушылар маска кимейді. «ӘҚБтК «Төтенше жағдай режимін бұзу», «Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» баптары бойынша айыппұл салынып, қамауға алынды. Мәселен, Темір ауданының тұрғыны 10 тәулікке қамалды. Ол Whatsapp мессенджер арқылы таныстарына «Темір ауданында блокпост арқылы коронавирус инфекциясын жұқтырған адам өткен» деп ақпарат таратқан. Бұл ақпарат жалған. Ақтөбе облыстық полиция департаменті азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге және төтенше жағдай режимін сақтауға шақырады», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде