jasqazaq.kz

42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы клиенттердің карта шоттарына аударылуы мүмкін

02 сәуiр 2020, 14:21

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін клиенттердің карта шоттары пайдаланылуы мүмкін.

«ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында төтенше жағдай кезінде екінші деңгейлі банктер мен банк операцияларын орындайтын жеке ұйымдармен төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындау және беру туралы қажетті жұмыс атқарды. Ол үшін екінші деңгейлі банктер клиенттердің банк шоттарына әлеуметтік төлемнің аударылуын қамтамасыз етуі қажет» делінген хабарламада. Әлеуметтік көмек алуға тиіс клиенттердің банк шоттары бұғатталған немесе басқа да шектеулер қойылған жағдай анықталса, бұғаттан шығару және 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек өндіру шараларын жүзеге асыру қажет. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай және карантин кезінде әлеуметтік көмек алу үшін карта шотын көрсетуді ұсынады. Жедел байланыс телефоны: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122 (дүйсенбі-жұма 9.00-дан 17.00-ге дейін, сенбі – 9.00-дан 15.00-ке дейін, жексенбі – демалыс)

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде