
Халық карантин талаптарын бұлжытпай орындаса, коронавирустың таралуы жақын арада төмендейді. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.
«Егер өзін-өзі оқшаулау жоғары деңгейде болса, екі аптадан кейін біздің қаламызда індетті жұқтыру күрт төмендейді деп болжап, есептеп отырмыз» ,– дейді Тілеухан Әбілдаев Соңғы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 402-ге жетті.