jasqazaq.kz

Көшеде кәуап пісірген жігіт қамауға алынды

31 наурыз 2020, 11:38

#үйдеотыр

Қалалық полиция жол бойында кәуіп пісіріп жатқан адамдарды видеоға түсіріп, таратқан 22 жастағы алматылықты қамауға алды.

Алматы қалалық ПД хабарлауынша, ғаламтор кеңістігін бақылау кезінде шығыс айналма жолда түсірілген видеожазба пайда болды, онда жол бойында ер адам кәуап пісірп жатқанын көрсеткен. «Бұл видео қатысты ешкім «102» -ге қоңырау шалған жоқ. Кезекші пультке ешқандай хабарлама түспеді. Тексеру жұмыстары барысында, бейнетаспаның қойылым болғандығы, құқықбұзушылықты камерада түсірген оператор, отты жаққан адамдардың досы екенін және түсірілім хайп үшін жасалғандығы белгілі болды. Ұйымдастырушы — 1997 жылы туған Б.есімді азамат екені анықталды. Ол жасаған әрекетін бірден мойындады. Ол құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Өндіріс материалдары сотқа жолданып, оның шешімімен Б.есімді азамат, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Карантинге байланысты сот отырысы онлайн режимінде өтті», — деді, Алматы қалалық полиция ДП бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Өз кезегінде құқықбұзушы көпшілік алдында кешірім сұрады.

«Мен бүкіл Қазақстанға және Алматы тұрғындарына өзімнің жасаған істеріме өкінгенімді хабарлаймын. Болашақ үшін менің жігіттерге айтарым, осындай қиын уақытта әзілдесудің қажеті жоқ. Мен, Қазақстанның алдында шын жүректен, кешірім сұраймын «, — деді Б.есімді азамат.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде