
Алматы полициясы көшеде өліп қалған иттерге қатысты пікір білдірді.
Видео facebook желісінде жарияланды Видеода Пушкин көшесінде 5-6 иттің жатқаны және олардың ауырып жатқанын болмаса өліп қалған болуы мүмкін екені айтылады. Бұл видеоға қатысты қалалық Кәсіпкерлік пен инвестициялық даму басқармасының өкілдері түсінік берді. «Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес қалалық Ветеринарлық қызмет өкілдері мен басқарманың ветеринарлық дәрігері жедел түрде оқиға орнына барды. Олар келгенде жануарлар оқиға орнында болмаған. Ал көшенің бойында су құйылған пластик контейнерлер мен тамақ салынған ыдыстар табылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, адамдар қаңғып жүрген иттерге тамақ берген-міс. Жағдай тағы да бақыланып жатыр», — деді басқармадан.