jasqazaq.kz

Маска кимеген алматылықтар дүкендерге кіре алмайды

28 наурыз 2020, 8:29

#үйдеотыр

Алматы әкімдігі 28 наурыздан бастап қалада қандай шектеулер күшіне енгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүкіл аумақтық мемлекеттік органдар мен оларға қарасты ведомстволар, заңды тұлғалар жұмыс күнін барынша қысқартуы тиіс. Сондай-ақ олар ғимаратқа күніне кем дегенде екі рет дезинфекция жасап, тазалау арқылы өз жұмыскерлерінің және клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Одан бөлек, дәріхана, дүкен және медициналық мекеме сияқты өзге де ұйымдардың кіріп-шығатын есігінің маңында санитайзер орнатылады. «Ғимарат ішінде адам санының көп болмауына мән берілгені дұрыс. 20 шаршы метрде бір адамнан артық жүрмеуге тиіс. Мекеменің ішінде де, сыртында да адамдар арасындағы қашықтық екі метрден кем болмасын. Кезекте бес адамнан артық тұрмауын қатаң қадағалау керек. Ғимараттың ішіне арнайы қорғаныс құралынсыз (медициналық маскасыз) кіргізбесін» делінген Алматыда карантин режимін күшейту жөніндегі қосымша шаралар тізімінде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде