jasqazaq.kz

ХҚО-ға құжатын тапсырған азаматтар оны қалай алады?

26 наурыз 2020, 18:02

Мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын egov.kz порталынан алуға болады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Президенттің тапсырмасымен Қазақстанның барлық қалаларында халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Алайда, мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын egov.kz порталынан алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар қызметтер мен сервистер мобильді қосымшада, Телеграм мен әлеуметтік желілерде қолжетімді. Жақын арада онлайн-қызметтер саны артады», — деді ол. Министрдің айтуынша, мұнан бөлек, 1414 байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол арқылы бір уақытта мыңнан астам адам кеңес ала алады. Кеңес беру бейне байланыс арқылы да қолжетімді «Сонымен бірге, 21 наурызға дейін құжат тапсырған азаматтар құжаттарын сол тапсырған орталықтан 28 наурызға дейін ала алады. Одан кейін, әр қалада бір ғана орталық анықталып, құжаттар сол жерден беріледі. Арнайы орталықтар да өз қызметтерін онлайн режимде жасайды. Құжаттар қолма-қол беріледі», — деді Дәурен Абаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде