jasqazaq.kz

13 адам коронавирусты ел аумағында жұқтырған

24 наурыз 2020, 20:01

Елімізде коронавирус анықталған науқастардың 13-і вирусты Қазақстанда жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24». 29 науқас шетелден ауырып келсе, 26-сы – солармен байланыста болғандар. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Оның айтуынша, вирус жұқтырғандардың 80 процентінде аурудың белгілері айқын білінбейді. Сондықтан қазір шетелден келген азаматтар бірден оқшауланады. Оларды кем дегенде бір күн оқшаулап, коронавирус инфекциясының бар жоғын анықтайтын тест жасайды. Жалпы осы күнге дейін 15 мың тест сынамасы жасалған. Сонымен қатар министрдің хабарлауынша, 27 наурызда Алматыға 266 мың тест әкелінеді. Ал 29 наурызда дәрігерлерге берілмек. Министр әскери қызметте жүргендерге қатысты да мәлімдеме жасады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде