jasqazaq.kz

83 жастағы зейнеткер балаларға насыбай сатып келген

24 наурыз 2020, 13:57

Павлодар тұрғыны ас бөлмесінің терезесі арқылы балаларға насыбай сатып келген.

Қаладағы Камзин көшесі, 164-үйдің тұрғындары әлеуметтік желі арқылы ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырды. «Олардың айтуынша, сол үйдің бірінші қабатында тұратын әйел балаларға насыбай сатады екен. Бұл мәліметті тексерген полицейлер аталмыш әйелдің үйіне қонаққа барып, 83 жастағы зейнеткердің шынымен де осылай заңсыз сауда жасап келгенін анықтады» делінген хабарламада. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 463-бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалды. Материал сотқа жолданды. «Бұл бап бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, зейнеткермен арнайы әңгіме жүргізіліп, алдағы уақытат мұндай заңсыздыққа жол бермеу керектігі түсіндірілді», — деп мәлім етті полициядан. Павлодар облысында жыл басынан бері заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша 19 іс сотқа жолданған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде