
Елордада тағы 1 адамнан коронавирус шықты. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Телеграм каналына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Комитет таратқан ақпаратқа сәйкес, 23 наурыз, сағат 13-50-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 62-ге жетті. Нұр-Сұлтанда – 32, Алматыда – 26, Қарағандыда – 2, Алматы облысында 1, Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.