jasqazaq.kz

Ақтауда жігітті ұрлағандар видеоға түсіп қалды

21 наурыз 2020, 19:43

Ақтауда жігітті ұрлап жатқан кез видеоға түсіп қалған. Белгісіз біреулер оны жолда ұстап алып, белгісіз бағытқа алып кеткен, — деп хабарлайды inAktau.kz.

Оқиға 20 наурызда 12-ші, 13-ші және 17-ші шағын аудан арасындағы қиылыста болған. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai автокөлігі лезде тоқтап, ішінен бірнеше ер адам шығып, жігіттің артынан қуа жөнелген.

«Ерлердің бірі оны ұстап алды. Жігіт жылап, айналадағы адамдардан көмек сұрады. Нәтижесінде оны көлікке қинап салды да, бір жерге алып кетті. Жігітпен не болары белгісіз, өйткені олар танысы немесе туысы емес екені анық көрінеді», — деді куәгерлер.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде