
Алматы облысының Қарасай ауданында бір адам коронавирус жұқтырған.
«Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 наурыздағы 12.00 сағ. жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігі Талдықорғанда бір науқас анықталғанын мәлімдеген. Алайда кейінірек ақпарат өзгерді.
Ақпарат көзі: Tengrinews.kz