jasqazaq.kz

Kaspi.kz клиенттерінің төлемдерін 2 айға шегереді

18 наурыз 2020, 18:14

Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлады.

Бүгін Михаил Ломтадзенің ресми Youtube арнасында компания клиенттеріне үндеуі жарияланды. Kaspi.kz басшысы Kaspi клиенттері қосымша қандай қолдау алатыны туралы айтты.

— Біз жұмысымызда «Біздің клиенттерімізге жақсы, қазақстандықтарға жақсы болса, Kaspi-ге де жақсы», деген маңызды принципті басшылыққа аламыз. Сондықтан қаржы реттеушісінің шараларына қосымша біз клиенттерді қолдаудың жеке бағдарламасын іске қосамыз, жұмыссыз қалып, уақытша қаржылық қиындыққа тап болған клиенттерге ай сайынғы төлемді 2 айға шегереміз. Клиенттерді қолдау бағдарламасына өтінімді Kaspi.kz қосымшасында 2 сәуірден бастап беруге болады. Клиенттеріміз ешқайда шықпау үшін ұялы қосымшада жасадық, — дейді Ломтадзе.
Бірақ 3 маңызды нәрсеге назар аудару керек:

— Біріншіден, бағдарламаға қатысу үшін төленбеген қарызы болмауы керек.

— Екіншіден, 18 наурызға дейінгі алынған займдар бойынша ғана төлемдер шегеріледі.

Егер кірістеріңіз міндеттемелеріңізді қайтаруға жетпесе қазірден, бүгіннен бастап жаңа қарыз алмаңыздар.

— Үшіншіден, бағдарлама аясында төлемі кейінге шегерілген адамдар қаржылық жағдайы жақсарғанша жаңа кредит ала алмайды. Бұл бірінші кезекте клиенттерге қамқорлық жасау және олардың қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмау мақсатында жасалады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде