
Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Олардың бірі 1958 жылғы ер адам, ол Алматыда. Жеке кәсіпкер екен. 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Қазіргі таңда карантинде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус, сондай-ақ, Нұр-Сұлтандағы әйелден табылды. Ол Варшавадан (Польша) ұшып келген.
Алматы мен Нұр-сұлтанда коронавирус жұқтырғадардың жалпы саны алтауға жетті.