jasqazaq.kz

«Абайдың қара сөздеріндегі діни ойлар» атты ашық сабақ өтті

12 наурыз 2020, 10:05

 Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамндығының 1- курс магистранты Жетпісбай Назерке, «Дінтану» мамандығының 3 курс студенттеріне арнап «Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі діни ойлар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ия, бүгінде жат ағымның жетегінде кеткен жастардың қазақ ақын-жырауларының сөздерін жоққа шығарып, ата-тегіміз адасқан деп араб өлкелеріндегі жат ағым басшыларын өздеріне үлгі тұтып жүруі өз елінің, туған жерінің тарихын білмегендіктен, қазақ ақын-жырауларын танымағандықтан, олардың еңбектеріне көз жүгіртепегендіктен. Егер, олар қолымызда тұнып тұрған ақындардың еңбектерін оқыса еді, ата-бабаларымыздың адаспағанын, олардың тура жолға бағытап, жалғыз Құдайға сыйынып, иманды болуға шақырғанын түсінер еді -дейді Назерке Жетпісбайқызы.

Осы ашық сабақ арқылы ол Еліміз үшін еңбек етуде маңызы зор болатын болашақ дінтанушы мамандарға «Абайдың қара сөздеріндегі діни ойларды» бірлесе талқылап, маңызды ақпараттар беруге тырысты. Абай Құнанбайұлының қара сөздерінде діни ғибратты ойлар айтылып, әсіресе, иман, сенім мен әдепке қатысты аят пен хадистерді қазақи мәнерде түсіндіреді.

Мәселен, он екінші, он үшінші, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, отыз бесінші, отыз алтыншы қара сөздерін талқылай отырып, ішіндегі араб тілінен алынған сөздермен түсіндірме жұмысы жасалды. Ал отыз сегізінші сөзі күрделі болғандықтан елу минут уақыттың жетіспейтігін, оған арнайы уақыт бөліп тоқталуды жөн көргендігін ескертіп өтті.

Н.Жетпісбайқызы «Сергіту сәтін» тиімді пайдаланып, «Суретке қарап мақал табу», «Сөзжұмбақ және ребус шешу» сынды қызықты форматта жүргізілген жұмыстары студенттердің сабаққа деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсті.

Сабақ соңында Н.Жетпісбайқызы «Көп ойласаң-дана боласың, көп ойнасаң-бала боласың»-дей келе студенттерді үш топқа бөліп Абайдың он алтыншы, отыз төртінші және қырық бесінші қара сөздерін оқып, нәтижесінде өздері бір ұлағатты нақыл сөз құрастыру туралы тапсырма берді. Бұл студенттерге оңай соқпағаны белгілі, бірақ олардың бакалавр дәрежесіндегі болашақ маман болатындығын ескере келе топтық жұмыс және миға шабуыл тактикасын пайдалану, студенттер үшін алдағы қызмет барысында тиімді әрі оң нәтижелерге қол жеткізетіндігін Н. Жетпісбай ашық сабақ барысында ескере кеткен.

Студенттер қара сөздерден «Тәңірі бары ақиқат, жету жолы махаббат», «Елге лайық болғанша, Құдайға лайық бол», «Жас кезде дүниеқұмарлықты ойлайсың, жасың келгенде о дүниені ойлайсың», «Иманды қартайғанда еске алма» деп ой түйерлік нақыл сөздер құрастырды. Бұл тапсырма арқылы студенттер ақындар мен ғұлама ғалымдар жазған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер құрастыру оңай еместігін түсінді.

Сутденттер ашық сабаққа белсене қатысқандықтан нақыл сөздер жазылған тәтті шоколадттарды сыйлыққа берді. Олар өзекті тақырыптағы ашық сабақта түсінгендерін «Кері байланыс» арқылы білдірді. Сонымен қоса «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының оқытушы ұстаздары Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызы, Тұңғатова Ұлжан Асқарбайқызы аталған ашық сабаққа қонақ болып, студенттердің аталған тақырып аясында мол ақпараттарға кенелгендігін, ашық сабақта қолданған әрбір көрнекіліктерге, сабақ жүргізу форматының ерекшелігіне оң баға беріп, өз алғыстарын жеткізді.

 

www.kaznu.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде