jasqazaq.kz

Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды

08 наурыз 2020, 13:01

Петропавл көшелерінің бірінде жедел жәрдем көлігі бір жақ жанына аударылып қалды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жамбыл көшесіндегі апат орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде жарияланды.

«46 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзін нашар сезініп, рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Audi автокөлігімен соқтығысқан. Осыдан жедел жәрдем автокөлігі оң жаққа аударылған», — деп түсінік берді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Жедел жәрдем көлігінде жүргізушімен бірге фельдшер мен медбике болған. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ. 46 жастағы жүргізуші (жедел жәрдем көлігінің жұргізушісі-ред) үшінші қалалық ауруханаға жеткізілді, медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді», — деп атап өтті баспасөз қызметінде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде