jasqazaq.kz

Жалған мәліметпен субсидия алған жамбылдық шаруалар жазаланды

05 наурыз 2020, 13:03

Жалған мәліметтер арқылы субсидия алған жамбылдық шаруалар тиісті қаражатты мемлекетке кері қайтаратын болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өткізген брифингте мал шаруашылығын субсидиялау бағытындағы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары сараланды. Департаменттің бас маманы Қайрат Ақмырзаевтің айтуынша, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын субсидиялау бағытындағы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында, субсидия алған шаруашылық субъектілерінің өз өтінімдерінде дұрыс емес, яғни шындыққа жанаспайтын мәліметтерді көрсеткендігі анықталған. «Бірқатар шаруалар субсидия алу барысында құзырлы мекемелерге жалған мәліметтер өткізген болып шыққан. Нәтижесінде өңір шаруа қожалықтары 975 200 теңге көлеміндегі субсидияға төленген қаражатты бюджетке кері қайтарды. Бұл бағытта жұмыс жүргізіле бермек»,- дейді Қайрат Ақмырзаев.

Айта кетейік, жалған құжатпен қаржы жымқыруды ойлағандардың қатарында «Меркі асыл тұқымды зауыты», «Бірлік», «Гамбург», «Ақ-барс» және «Аяла» шаруа қожалықтары мен серіктестіктері бар. «Бүгінгі таңда орын алған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасының жаңа жобасы әзірленді. Оған субсидиялаудың ақпараттық жүйесін, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасымен интеграциялай отырып, автоматты түрде салыстырып тексеруді жүзеге асыру талаптары қосылды», — деп атап өтті Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Еркебұлан Күлкеев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде