jasqazaq.kz

Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады

03 наурыз 2020, 11:43

ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатты.

Жәкішевке пробациялық бақылау орнатылды. Cотқа Жәкішевтің бұл үшінші өтініші.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған болатын. Ол жемқорлық үшін 14 жылға сотталған еді.

2018 жылдың қарашасында Жәкішев Семейдің № 2 сотына да шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазуы үшін жаза мерзімінің үштен екі бөлігін өтеуі тиіс болған. Бұл мерзім 2018 жылдың қыркүйегінде өткен. Алайда сот ол өтінішті қанағаттандырған жоқ, себебі ол келтірілген шығынды өтемеген еді — 99,6 миллиард теңге.

Ал 2019 жылдың шілдесінде сотталушы тағы өтініш білдіреді, бірақ сот ол өтінішті те қанағаттандырмады. Ақпанда да Жәкішев дәл осылай өтініш қалдырған еді, алайда ол да қанағаттандырылмады.

 Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде