jasqazaq.kz

Елжан Біртанов: 10 мыңнан астам отандасымыз Қытайда жүр

01 ақпан 2020, 12:59

Ержан Біртанов

Коронавирус инвекциясы тарап жатқан Қытайда қазіргі таңда 10 мың қазақстандық жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазір Қытайда жүрген азаматтарымыз көп-ақ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 10 мыңнан астам отандасымыз Қытайда жүр. Қазақстан азаматтары, әрине, елге оралуы керек. Біз әуе сапарларын шектемейміз, олар қайтып келіп жатыр. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда Қытайдың басқа аймақтарынан азаматтарды эвакуациялау үшін Үкімет қазіргі уақытта чартерлік рейстерді қолдана отырып, оларды елге әкелуді қарастыруда. Қазақстан азаматтарының ҚХР-дың басқа қалаларынан оралуына ешқандай шектеу жоқ», — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің айтуынша, қазақстандықтар рейстік ұшақтармен де, чартерлік рейстермен де елге орала алады. «Үкімет ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірге барлық мәселені бақылауда ұстап отыр. Барлық азаматтармен байланысымыз бар. Олардың жағдайын да қадағалап отырмыз. Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтары арасында мұндай жағдайлар тіркелген жоқ. Олардың өтініші бойынша елге қайтарамыз. Ал шынтуайтында олардың бәрі бірдей елге қайтқысы келіп отырған жоқ. Бұл жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр», — деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде