jasqazaq.kz

Қырық миллиард теңгеге жаңа жер серігі құрастырылатын болды

29 қантар 2020, 21:19

Қазақстан жаңа жер серігін құрастыруға 40 миллард теңге жұмсамақ. Әзірге аппараттың сыртқы бейнесіне қатысты техникалық-экономикалық негіздеме ғана әзірленеді. Ал жер серігін кімнің жасайтыны әзірге белгісіз.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Асқар Жұмағалиев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

— Біз бүгінгі күні жаңа жер серігінің техникалық экономикалық негіздемесі, яғни сыртқы бейнесі қандай болады деген мәселемен айналысып жатырмыз. Содан кейін ғана мемлекеттік сатып алуға конкурс жариялап, бас мердігерді таңдаймыз. Ғарыш аппаратын жасауға 40 млрд. теңге қарастырылған.

Шенеуніктің сөзінше, 40 миллиард теңге алдағы уақытта тағы көбейтілуі мүмкін. Өйткені бұл сомаға ғарыш аппаратының жер үстіндегі шығындары кірмепті. Ал ол шығындар жер серігінің дұрыс жұмыс істеуіне өте маңызды екен.

Қазір ғарышта KazSat-2 жер серігі жүр. Алайда мамандар оны жоспарлы түрде ауыстыруға KazSat-2R жер серігін жасауға көшті. Ғарыш аппаратын 2023 жылы ұшыру жоспарлануда.

Айтып өтейік, 2018 жылдың аяғында KazSat-тың екі аппараты америкалық ғарыш айлағынан ұшырылған. Сол кезде Үкімет Байқоңырдан қарағанда шетелдік алаңнан жер серігін ұшыру әлдеқайда арзан екенін айтқан-ды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде