jasqazaq.kz

Алаяқ 21 жастағы бойжеткеннің атынан онлайн-несие рәсімдеген

28 қантар 2020, 20:54

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жеке құжаттар мәліметін әлеуметтік желілер арқылы жібермеу керектігін ескертеді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қаланың полиция департаментінен хабарланғандай, құқық қорғау органына 21 жастағы бойжеткен жүгініп, өз атынан белгісіз біреудің несие алғанын хабарлаған.

«Бұған дейін жұмыс іздеген бойжеткен интернетте жарнама жариялаған. Белгісіз біреу оған хабарласып, өзін сауда компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жұмыс ұсынған. Әлгі адам тіркелу үшін жеке куәлік пен банк картасы туралы мәліметтерді мессенджер арқылы жіберуін өтінеді. Ойында ештеңе жоқ бойжеткен жұмыс берушінің барлық талаптарын орындаған. Кейін алаяқ компанияның тағы бір қызметкерінің ақшасы оның картасына түсетінін және олар электронды әмиянға аударылуы керек екенін айтып сендіреді. Оның өтінішіне сенген бойжеткен түскен 120 мың теңгені алаяққа аударған. Ал бірнеше күннен кейін оған микронесие ұйымынан онлайн-несие берілгені анықталады. Карточкаға түскен ақша — өз атындағы несие екенін бойжеткен аңғармапты. Ақыры, ол жұмыс таппақ түгілі қарызға кіріп кеткен», — деп хабарлайды департаменттен.

Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері, өкінішке қарай, мұндай алаяқтықтың жиі кездесетінін айтады. Осындай фактілер бойынша полицияға 10-нан астам азамат жүгінген. Барлық жағдайда алаяқтар жәбірленушілердің құжаттары мен банк картасы тарқылы онлайн-несие алып отырған.

Микронесие ұйымдары ақшаны адамның өзі алып жатқанын тексеріп жатпай-ақ, жоғалған құжаттармен де несие бере береді. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті мұндай фактілердің алдын алу үшін тұрғындарды мұқият болуға, жеке құжаттар, банк карталары, CVV-код пен пароль туралы жедел мәліметтерді желі арқылы таратпауға шақырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде