jasqazaq.kz

Моңғолия өздерінің «МОЗО» атты алғашқы автокөлігін көпшілікке таныстырады

23 қантар 2020, 11:56

Моңғолиялықтар автомобиль өндіру нарығын өз қолдарына алуды көздеп отыр. Атап айтсақ, «Барс моторс» компаниясы өз инвестицияларымен ҚХР-ың Ханчжоу қаласында автокөлік құрастыратын біріккен зауыт ашып, алғашқы өнімдерін шығара бастады.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Автомобиль «Монголын Зон Олон» /МОЗО/ немесе «Моңғол жұртшылығы» деген атпен кешікпей моңғол халқының тұрмыстық қажеттілігіне ұсынылатын болады.

Соңғы ақпараттарға қарағанда, көліктер Моңғолияға жеткізілген, 2 ақпанда көрме ретінде көпшілікке көрсетіледі деп күтілуде. Компания тарапынан, сол күні ашық есік жариялап, алдын-ала тапсырыс алуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда МОЗО-ың Моңоғлияның қатал климаты мен моңғол жұртшылығының қолданысына сәйкес келуі, сапасы мен сыртқы бейнесінің тартымдылығы, жанармай шығыны мен бөлшектердің сапасына сынақ жүргізілуде.

Егер сынақ сәтті болса, автомобиль сатылымға шығады. Алғашқы автомобиль орташа өлшемді, жол талғамайды, бағасы моңғолдардың өмір сүру жағдайлары мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты қол жетімді болады, деп хабарлайды Барс Моторс компаниясының өкілдері.

Моңғол халқы автокөлік сатып алуға жылына 500-800 миллион доллар жұмсайды деген болжам бар. Ақша, әдеттегідей Жапония, Корея және АҚШ-қа асып кетіп жатыр. Сондықтан, автокөлік сатып алуға жұмсалатын қаражат ағымын сақтау, күн тәртібіндегі маңызды мәселе болып отыр.

«Барс Моторс» ЖШС өзінің бірлескен кәсіпорнына жылына 25000 автомобиль шығаратын мүмкіндікке ие. Келесі жылы 100% электрмен жұмыс істейтін автомобильдер шығармақ. Сонымен қатар, «Барс Моторс» Моңғолияда автомобиль шығаратын зауыт ашу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Компания директоры Д.Дэмбэрэл «Зауыт құру үшін өте жақсы механик-инженерлер немесе білікті кадрлер, заманауи құралдар, авткөлік бөлшектері мен технология басты маңызға ие болады. ҚХР-да әлемдігі барлық технологиялар шоғырланған. Сондықтан біз, бұл жерде инновацияға қол жеткізуміз керек. Осылай жасау арқылы кем дегенде 200 млн долларды елімізде қалтыра аламыз» деген түсініктеме берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде