jasqazaq.kz

Жоғалған 2 оқушы қыз басқа қаладан табылды (видео)

23 қантар 2020, 10:07

Алматы облысының Ескелді ауданында қаңтардың 21-і жоғалған қыздар табылды. Оқушылар Алматы қаласы Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен табылып ата-анасына жеткізілді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқушы қыздар мектептен кейін үйге қайтпай кетіп қалу себебін Алматы қаласын көргіміз келді деп түсіндірген. Қазіргі таңда екеуі де аман-есен отбасымен қауышты.

Тәртіп сақшылары оқиғаның қалай өрбігенін нақтылап жатыр. Қыздардың ата-аналары балаларының табылғаны және аман-саулығы жайлы бейне түсіріп әлеуметтік желіге жариялады. Олар апалы-сіңілі Ару мен Талшынды іздестіруге жұмылған барша азаматтарды, Ескелді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтып ризашылығын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Ескелді ауданының екі оқушысы Ару Бекберді мен Талшын Қызырбай бір тәуліктен бері табылмай жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

https://youtu.be/98bGOEdAzGA

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде